jasqazaq.kz

Астық ұрлаған кәсіпкер сотталды

11 ақпан 2020, 17:52

Шығыс Қазақстан облысында нан қабылдаумен айналысқан «Шығыс-Астық» ЖШС директоры ірі көлемде астық ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бородулиха аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, айыпталушы «Шығыс-Астық» ЖШС-нің қоймасында сақтау туралы шарт аясында аймақтағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден сатып алынған және «Продкорпорация» АҚ-ға орналастырылған астықты белгісіз біреулерге берген. «Астық жетіспеушілігі 11 022,223 тоннаны құрады. оның ішінде 10 869,103 тоннасы — үшінші класты бидай және 153,12 тоннасы — күнбағыс. Осының салдарынан мемлекетке ірі көлемде, нақты айтқанда 1 миллиард 444 миллион 960 мың 877 теңге мөлшерінде залал келтірілген», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Сот үкімімен сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия