jasqazaq.kz

Астронавт: Біз мүлдем басқа планетаға оралдық

18 сәуiр 2020, 20:30

17 сәуір күні Жерге қонған «Союз МС-15» кемесінің экипажы әлеуметтік желіде өз әсерлерін бөлісті.

Ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка Роскосмос басшысына экипаждың Жерге қалыпты жағдайда түскенін айтты. 50 жастағы Олег Скрипочка осымен үшінші рет ғарыштық экспедицияға шығып отыр.

Бұл жолы ғарышкер 205 тәулік ұшса, тұтас ғарыштық мансабында ғарыш кеңістігінде 536 күн болған. Ал америкалық астронавт Джессика Меир үшін бұл — алғашқы ғарыштық ұшу.

Ол өзінің Twitter парақшасында Жердің коронавирус пандемиясынан кейін өзгеріске ұшырағанын жазды. «Біз мүлдем басқа планетаға оралдық, бірақ Жер бұрынғыша әсерлі болып қала береді», — деп жазды Дж. Меир. 43 жастағы америкалық астронавт Эндрю Морган үшін де бұл алғашқы және рекордтық ұшу болды.

Әскери ұшқыш әріптестеріне қарағанда, орбитада 272 тәулік болды және ашық ғарышқа 7 рет шықты. Карантин кезінде құтқарушылар мен дәрігерлер экипажды маскамен және бетпердемен күтіп алды. Ғарышкерлер жақын маңдағы Жезқазған немесе Қарағандыға емес, бірден Байқоңырға жеткізілді. Сол күні Олег Скрипочка Байқоңырдан Мәскеуге ұшты.

Ал америкалық Меир мен Морган Қызылордаға барып, НАСА ұшағымен АҚШ-қа ұшып кетті.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия