jasqazaq.kz

Астандада 420-дан астам әлеуметтік нысандар салынады

17 қараша 2022, 15:38

Астана — қарқынды дамып келе жатқан қала. Сондықтан халықтың жыл сайын өсіп отырған сұранысын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарды салу үшін қазірдің өзінде 420-дан астам жер учаскесі анықталды. «Оның ішінде мектеп салу үшін – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар (емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары) үшін тағы 78 учаске қарастырылған. Медициналық орталықтардың жалпы саны болашақта жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында ашылатын медициналық мекемелерден бөлек көрсетілген. Әлеуметтік нысандар үшін бөлінетін жер учаскелерінің көлемі жыл сайын өсе түсетін болады», — деп хабарлайды Астана қалсының әкімдігі.

Сонымен қатар, қазір елорда тұрғындардың белсене қатысуымен қаланың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасы талқыланып жатыр. Оның барысында «Астананың бас жоспары» ғылыми-зертеу өндірістік институтының өкілдері көпшілікке болашақ әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар) орналасуы туралы да егжей-тегжейлі баяндайды. Жалпы қаланың Бас жоспары жобасы аясында түрлі бағыттар: қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін нысандарды бұзу және т. б. мәселелер талқыланауда. Талқылау үстіміздегі жылдың 18-ші қарашасына дейін жалғасады.

Абзал Ибрагим,
Астана

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр