jasqazaq.kz

Астананың сол жағалауындағы екі көшені су басты

15 қараша 2018, 10:35

Астананың сол жағалауының орталығында, Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысында су құбыры жарылып, сол маңайды су алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суық су құбыры желілерінде болған апат салдарынан Түркістан мен Сығанақ көшелерінің қиылысы жабылды. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» көпірінің астындағы учаскені де су басты.

iKomek қызметі хабарлағандай, апат туралы шағым таңғы сағат 5-те келіп түскен. Су құбыры «Бейжің Палас» қонақүйінің тұсында жарылған. Қазір «Астана су арнасы» су құбырының тесілген жерін қалпына келтірумен айналысуда. Суық су әзірге өшірілген жоқ. Осы қиылыста орналасқан кеңселердің қызметкерлері, сол маңдағы үйлерде тұратын тұрғындар көшенің бір жағынан ағып жатқан жайылма суды кешіп өтіп жүр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде