Астананың өнер аптасы

30 қараша 2022, 10:41


Қазіргі таңда Астана елдің әкімшілік, іскер орталығы ғана емес сонымен қатар үлкен мәдениет ошағы болып табылады. Бүгін біз қала әкімдігі берген мәлімеке сүйене отырып, елорда тұрғындары мен оның қонақтарын осы аптада болатын басты мәдени оқиғалармен таныстыруды жөн көрдік.  Екінші желтоқсан күні Е. Рахмадиев атындағы академиялық филармонияда «Сол бір кез» ретро-концертімен «Сарыарқа» халық музыкасының ансамблі өнер көрсетеді.

Төртінші желтоқсанда «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында филармонияның «Тал бесіктен — жер бесікке…» камералық хорының қойылымы ұйымдастырылады. Астаналық цирк 3 және 4 желтоқсанда неміс циркінің «DER ELEFANT» бағдарламасына шақырады. Қойылымның басталуы сағат 16:00- де.

Бірнеше танымдық дәрістерді Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету орталығы өткізуді жоспарлап отыр. Олар өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға, қазақ ұлттық ойындарын насихаттауға және ұрпақтардың рухани байланысын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, осы айдың басында, яғни 2, 3 және 4 желтоқсанда қуыршақ театрында А.Салаеваның «Мадагаскар 3» мультфильмі негізінде «Қала жолдарындағы оқиғалар» қойылымы көрсетіледі. «Жастар» театрының сахнасында 1 желтоқсан күні сағат 13:00 – де «Сөз бен саз» бағдарламасы бойынша «Жыр дария» концерті, ал 19:00-де «Современник» театрының қойылымында П.Геновезенің «Өте бейтаныс адамдар» комедиясы өтеді.

Жас көрерменді музыкалық театр бірінші желтоқсанда «Шәмші» мюзикліне шақырады. Бір күннен кейін «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы көрсетіледі. Төртінші желтоқсанда көрермендер «Үнсіздік» спектаклін тамашалай алады. Сонымен қатар, астаналық кітапханалар оқырмандардың салауатты өмір салты мен өз денсаулығына деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған әдеби сағаттар, көрме-әңгіме ұйымдастырады. Бір сөзбен айтқанда, осы аптада елорданың мәдениет мекемелері қырыққа жуық іс-шара өткізеді. Оның ішінен қала тұрғындары мен қонақтары өздері үшін кез келген жасқа арналған концерттер, қойылымдар мен танымдық дәрістерді таба алады.

Абзал Ибрагим

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды