jasqazaq.kz

Астананың қай бөлігінде лифтіге көп шағым түсінетіні белгілі болды

20 тамыз 2018, 15:26

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Сапар Ахметов пен Бекболат Тілеухан «iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКМ жұмысымен танысты.

ҚазАқпарат жазғандай, орталық қызметкерлері қала тұрғындары көбіне қандай мәселелер бойынша өтінімдер жасайтындығы туралы айтып берді. «Жалпы, қалада бізге тиесілі барлық салаларды қамтып келеміз. Мәселен, жыл басынан бері лифтіге қатысты бізге 2 114 өтінім келіп түсті, оның ішінде қазіргі кезде 11-і бойынша жұмыстар атқарылуда. Ең көп өтінімдер Алматы ауданында тіркелді. Өздеріңіз білесіздер, Байқоңыр мен Алматы жақында екіге бөлінді. Бұл ретте, аталған аудандарда лифтілер бойынша шағымдардың көптігін ескере отырып, олардың аумағында ескі үйлер басымырақ екенін байқауға болады», — деді iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова. Сонымен қатар ол абаттандыру мәселелері аясында тұрғындар тарапынан хабарламалар жиі түсетінін жеткізді. «Атап айтқанда, жол инфрақұрылымына қатысты 2 116 өтінім түссе, соның 18-і шұғыл тәртіпте пысықталды, ал 103-і бойынша жұмыстар атқарылуда. Осы орайда қай мекемелер жұмыс мерзімін асырып жібергенін көріп тұрамыз», — деді Ж. Дубирова. Оның сөзіне қарағанда, қала тұрғындары тарапынан жолаушылар жолағын орнату, жол сапасына байланысты хабарламалар өте көп келеді. Айта кетейік, орталық 2017 жылы «109 кезекшілік қызметі» МБ мен Астана қаласы әкімдігінің жағдайлық бақылау орталығының бейнебақылау мониторингі тобының бірігуі аясында құрылған еді. Атқарылатын жұмыстың басты мақсаты – апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру әрі бақылау. Сонымен қатар орталықта азаматтардың өтінімдерін қабылдау іске асырылады. Онда қала бойынша орнатылған 4 мыңнан аса бейнебақылау құрылғылары басқарылады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді