
Астананың бірнеше ауданында су құбырлары жарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«5 ақпанда диаметрі 300 мм болатын су құбыры жарылды. Мәңгілік ел даңғылындағы 8-тұрғын үйге су беру тоқтатылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі. Сарыбұлақ көшесіндегі 48-тұрғын үйде де құбыр жарылған. «Диаметрі 100 мм құрайтын су құбыры жарылған. Берел, Сарыбұлақ, Мәскеу көшелерінде, «Көркем» қонақүйінде су өшірілді», — деді баспасөз қызметі.