jasqazaq.kz

Астананы тағы да су басуы мүмкін

23 тамыз 2018, 18:23

Осы аптада ұзаққа созылған жаңбырдан кейін Астананың көшелерін су басып қалды.

Астанада жұмадан жексенбіге дейін тағы да қатты жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

«Астана қаласында 24 тамыз күні күндіз және 25 тамыз күні түнде қатты жаңбыр жауады. 24-26 тамызда найзағай ойнайды деп болжануда, 24 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 24-26 тамыз аралығында күндіз бұршақ жауады», — деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, апта басында Астанада бір жарым тәуліктің ішінде бір айлық жауын жауды. Салдарынан қаланың кейбір аудандарын су басып қалды. Жол телімдері жабылып, қоғамдық көліктің бағдары өзгертілді.

Елорда әкімі Әсет Исекешев сәрсенбідегі үкімет отырысында жаңбыр суына қатысты мәселе 2019 жылы шешімін табатынын мәлімдеді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді