jasqazaq.kz

Астананы тағы да су басты (видео)

21 тамыз 2018, 13:30

Елордамыз Астананы жауын-шашын салдарынан тағы да су басты. Әлеуметтік желі қолданушылары су басқан көшелер мен жолдарды видеоға түсіріп, жарыса бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде тараған видеолардың бірінде үлкен көшелердің бірін су басып, көлік қозғалысы қиындағаны байқалады. Тіпті, кей тұрғындардың үрлемелі қайықпен жүзіп бара жатқанын көруге болады.

Өз кезегінде қалалық мониторинг және шұғыл жауап орталығының өкілі Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін мәлімдеді.

«Су басуы мүмкін делінген аумақтарды жауапты коммуналдық қызметтер тәуліктік тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Жақын арада су басу салдары жойылатын болады», – дейді орталықтағылар.

Ал қала тұрғындары Астананы жауын салдарынан жиі су басқанына ашулануда.

“Таяуда көліктің орнына катер мен моторлы қайықтармен жүзетін болармыз”, “Тамаша. Италияға барудың қажеті де жоқ. Ендігі көшелерге велосипедтердің орнына резеңке қайықтарды қойып қою керек шығар”, “Жыл сайын бір мәселе қайталануда” – дейді пікір қалдырушылар.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді