jasqazaq.kz

Астаналық полицейлер есірткі диллерін ұстады

13 тамыз 2018, 14:22

Астана қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бас қаланың аумағына есірткі тасымалдаумен және сатумен айналысқан азаматты ұстады. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың 12 тамызында «Көкнәр-2018» республикалық жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде Астана қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен елорда аумағына есірткі жеткізумен және сатумен айналысқан тұлғаларды ұстау арнайы операциясы өтті», — делінген Астана қаласының ІІД хабарламасында. Жедел-іздестіру шаралары кезінде есірткі өткізумен айналысқан 36 жастағы ер азамат ұсталды. Ұсталған кезде одан гашиш табылды. Сондай-ақ аталған азаматтың тұрғылықты жерін тексеру кезінде 14,5 келіден астам гашиш пен марихуана тәркіленді. «Ұсталған азамат аталған ірі көлемдегі есірткі заттарын елорда аумағында өткізбек болды.

Қазіргі күні ол Астана қаласының ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабының 2-тармағына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде