jasqazaq.kz

Астаналық қыздар шетелдіктерге миллиондап ақша жіберген

18 мамыр 2020, 13:07

Елордалық қыздар әлеуметтік желілердегі алаяқтардың кесірінен зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан полициясына екі айда интернеттегі алаяқтық бойынша екі әйелден шағым түскен. Олар шетелдік жігіттермен Facebook, Mail.ru әлеуметтік желілері арқылы танысқан және бірнеше ай бойы бір-біріне романтикалық SMS жазған.

«Сеніміне кіру үшін алаяқтар төлқұжатының көшірмесін жіберген. Аңқау қыздар ер адамдар Қазақстанға келеді және оларды басқа елге тұруға алып кететіне сеніп, қомақты ақша жіберген. Ер адамдар тұрмысқа шығуға ұсыныс жасай отырып, мемлекеттік салық, төлқұжатты жаңарту, визаға тапсырыс беру керек деген сылтаумен қыздардан ақша жіберуді өтінген. Алаяқтардың «ниетіне» сеніп қалған қыздар халықаралық аударымдар арқылы ақша жолдаған», — деп хабарлады полицейлер.

Ақшаны алған жігіттер желіге шықпаған. Бір әйел 13 миллион теңге, екіншісі 6 миллион теңгеге шығындалған.

Нұр-Сұлтан полицейлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғады.

«Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін шұғыл-іздестіріп жатырмыз. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, абай болыңыздар. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар», — деп ескертті қалалық полиция қызметкерлері.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі