jasqazaq.kz

Астаналық қария 28 жастағы ғашығына үйленбекші

14 қараша 2018, 11:58


Жасы 70-ке таяған астаналық қария 28 жастағы ғашығы үшін жұбайымен ажыраспақ.

Қартайғанда қылық шығарған қарт туралы сырымен Алаш айнасының оқырманы бөліскен деп жазады NUR.KZ.
Астанадағы бақуатты ақсақалдардың бірі Батыр қария бір күні лифтіде 28 жастағы сұлу қызбен танысып, ғашық болып қалады. Біраз уақыттан соң қарт еш жерде жұмыс істемейтін бойжеткенмен бірге шетелдерді аралап, қызыққа батып жүреді.
Осындай бал күндердің бірінде сүйікті қызы қариядан жүкті болып қалғанын айтыпты. Ал бәйбішесінен екі қызы бар ақсақал бұл жаңалыққа қуанып, бірден өз жұбайына жеткізген екен.
Жасы келген кемпірі қартайғанда қылмыңдай бастаған шалының барлық әрекеттеріне көніп, соңғы жаңалығын да қаз-қалпында қабылдапты. Алайда кейуана бұл хабарды қыздарына айтпауды жөн көрген екен.
Арада біраз уақыт өткен соң Күлзат әжей күтпеген жаңалық естіп, басынан жай түскендей күй кешеді. Қарияға үй де, көлік те алдырған жас сүйіктісі енді оған отбасымен ажырасып, өзіне үйленуін сұрап отыр екен. Ал ғашықтықтан есінен адасқан Батыр атай, тіпті тұрмыс құрған екі қызының беделін де ойламай, жас бойжеткеннің жетегінде кеткісі келетін көрінеді.
«Дүние-байлық не керек, дұрыс адам болып қартаймасаң. Ол қыздың көксеген –- шалдың байлығы. Сол баланың осы шалдан болуына да күмәнім бар. Қартайғанда «құтырып» өнер шығарғаны несі, бәрінен де күйеубалалардан ұят. Ертең олар қыздарыма не дейді, беттеріне баспай ма? Балаларды ойламаған не деген әке еді. Қыдырсын, ішсін-жесін, бірақ «ажырасамыз» дегені өлтіріп барады», — дейді көзіне жас алған Күлзат әжей.
Елдің сөзі тұрмақ, қыздарына да қайырылмаған ақсақалдың бойжеткенге қанша байлығын төгері белгісіз. Ал бәйбішесі өмір бойы адал еңбекпен тапқан ақшаларын өзге арудың қолды қылғанын қаламайтынын жеткізген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді