jasqazaq.kz

Астаналық ақсақалға келіні жар іздеп жүр

07 ақпан 2019, 11:37

Астанада қайын атасына жар таппақ болған жас келін неке агенттігінің көмегіне жүгінген. Келіншектің айтуынша, соңғы күндері атасы өзі тұратын пәтерге жеңіл жүрісті қыздарды әкелуді жиілетіпті.

Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.  Астанада бәйбішесі о дүниеге аттанған ақсақал жас қыздармен көңіл көтеретін болған.   70-тен асқан қарияның келінінің айтуынша, қайын атасы тіпті өз пәтеріне «бомж» әйелдерді әкелуді де шығарыпты. Амалы таусылған келіншек неке агенттігінің көмегіне жүгінген екен.
«Жас келіншек қайын атасына жар іздеп келдім деп келгенде шалқамыздан түсе жаздадық. Әдетте ақсақалдар мен әжелердің өздері өмірлік серік іздеп келетін. Ал бұл жерде келіні қайын атасына жар іздеп келгені бастапқыда оғаш көрінді.
Сөйтсек, 70-тен асқан қарт адам бәйбішесі қайтыс болғаннан кейін, жас қыздарға баруды шығарыпты.
Тіпті жеңіл жүрісті қыздарды пәтеріне әкеледі екен. Ал кейде көшедегі бомждармен де көңіл көтеретін көрінеді. Келіні сол себепті атасына жақсы жар тауып, табыстырмақ болыпты», — дейді агенттік өкілі.
Бүгінде неке агенттігі мамандары ақсақалға жар болуға лайық жандарды таныстырып жатқанымен, қария әлі күнге дейін бір шешімге келмепті.    «Үлкен адамдар жас өскен сайын қиын болады ғой. Не баласының қолына кіргісі келмейді, не бәйбіше тауып, отауын қайта түтеткісі келмейді.
Келіннің сөзінше, қазір жұртқа қарауға бет жоқ екен. Атасы әлі күнге әлгіндей әрекеттерін тыймаған.
Егер біз тапқан жандардан ешкім ұнамаса, амал жоқ мәселенің басқа шешімін табу керек», — деп сөзін аяқтады агенттік мамандары.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда