jasqazaq.kz

Астаналық әйел төсекке тоймайтын күйеуін сотқа сүйреді

20 ақпан 2018, 11:10

Астаналық жас келіншек төсек қатынасына жиі түсуге мәжбүрлеп, зорламақ болған жолдасының үстінен арыз жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға осы жылдың қаңтар айында орын алған. Төсек қатынасына жиі түсуге мәжбүрлей берген жолдасынан, әйелі, тіпті, екінші қабаттан секіріп, қашпақ болған.

«Отбасылық өмірде мұндай жағдайлар жиі орын алып жатады. Ер адам, әйелдерге өзінің меншігі деп қарап, онымен не істесем де өзім білемін деп ойлайды. Әсіресе, төсек қатынасына мәжбүрлеп «түскісі» келетін ер адамдар да бар. Дәл осындай жағдай қаңтар айында Астанада орын алды. Күйеуінен әбден мезі болған келіншек, тіпті, екінші қабаттан секіріп түсіп, жұбайынан әрең қашып құтылған екен. Бұл жерде, ерлі-зайыпты екенбіз деп, төсек қатынасына тым жиі түсу қалыпты жағдай емес. Ондай оқиғаларды, тіпті, зорлау фактісі бар деп қарауға болады»,-деп түсіндірді заңгер Дания Бұғалиева.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда, нәзік жандылар, құзырлы органдарға жұбайларының үстінен арыз жасауға құқылы екен.

«Әрине, сырт көзге ерсі көрінгенмен, бұл жерде әйел адамның құқығы тапталып отыр. Ер-азаматтар төсек қатынасына күштеп, мәжбүрлеп түсіре алмайды. Сондықтан, жәбірленуші тарапқа, жұбайының үстінен «зорлады» немесе «күш көрсетіп, төсек қатынасына итермеледі» деп арыз жазуға болады. Осы кеңеске жаңағы М. есімді келіншек те құлақ асты. Алғашында «екі баламыз бар, енем өте жақсы адам, елден ұят болады» деп айтса да, соңында «күштеп жыныстық қатынасқа түсірмек болды» деп арыз жазды. Қазір ерлі-зайыптылар психологардың көмегіне жүгініп жүр. Тиісті деңгейде көмек көрсетілген соң, ара-қатынастары жақсарады деген үміттеміз»,-деп сөзін қорытындылады маман.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды