jasqazaq.kz

Астанаға жаңа әкім келді

11 қыркүйек 2018, 12:02

Астана қаласының жаңа әкімі болып ҚР Қаржы министрі қызметін атқарған Бақыт Сұлтанов тағайындалды. , деп хабарлайды Sputnik.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», — деп хабарланған Ақорданың твиттердегі парақшасында.
Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды
Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер мен жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен бірге Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 23 жасында қаржы министрлігіндегі бөлімнің бас экономисті ретінде бастады. Қаржы және экономика министрлігінің құрылымдарында және статистика бойынша агенттікте басқарушы лауазымдарын ат қарған. 2010-12 жылдары президент көмекшісі болып, кейінірек Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне келді. 2013 жылы қарашада қаржы министрі атанып, кейін тағы бірнеше рет қайта тағайындалды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Әскери шені – запастағы лейтенант. «Парасат» орденімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған, президент пен премьер-министрдің алғыс хатын, Қазақстан қаржы министрлігінің алғысын алған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді