jasqazaq.kz

Астанаға «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйлады

29 тамыз 2018, 17:14

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері елорданың 20 жылдығына орай Астанаға Бейбітшілік қабырғасы монументін сыйлады.
Tengrinews.kz  жазғандай, бұл сыйлықтың құны — 1,8 миллиард теңге, ол Тәуелсіздік алаңындағы «Қазақ елі» монументінің маңына тұрғызылған. Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері Бейбітшілік қабырғасы монументінің өңірлік компаниялар мен кәсіпкерлердің қаражатына салынғанын айтып өтті. Айтуларынша, бұл кешен металл мен тастан жасалған. Төрт бөліктен құралған.
Монументтің ұзындығы — 11 метр, ені — 18,4 метр, биіктігі — 17,5 метр. Монументтің қабырғалары болаттан жасалған. Монументті салу кезінде 1 200 тонна гранит қолданылған. Аумағы 6 000 шаршы метрден асады. Монументтің маңында Тәуелсіздік сарайы мен «Шабыт» ұлттық университеті орналасқан. Монумент авторларының сөзіне қарағанда, жоба Президенттің «Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифесі идеясынан туған. Сондықтан да монументті таныстыру салтанаты 29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне белгіленді. Мұның алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлем қабырғасын ашуға арналған іс-шараға қатысқан болатын.

 

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді