jasqazaq.kz

Астанадағы орыс мектептері қазақшаланатын болды

24 тамыз 2018, 13:47

Астанада орыс сыныптарына қатысты жаңа ереже енгізілмек Астана әкімдігі мектептеріндегі орыс тілді сыныптарды кезең-кезеңмен қазақ тілді сыныптарға айналдырмақ. Бұл ата-аналардың ұсынысымен жүзеге асқалы отырған жаңа жүйе екен. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Әнуар Жаңғозин, Білім беру басқармасының басшысы:

-1-сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайыз орыс тілінде және 30 пайыз қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілі толық мемлекеттік тілге көшірілетін болады. Жаңа оқу жылында осындай сыныптарды 60 лицей негізінде ашпақпыз.

Бұдан бөлек, астаналық екі мектеп сабақта электронды оқулықтар қолдануға көшеді. Және 5 мектеп пен үш колледж шәкірттерді пилоттық жоба ретінде латын әліпбиімен оқыта бастайды. Ұстаздардың еңбекақысы да көтеріледі деді атқамінерлер. Елорда мектептеріндегі мұғалімдердің орташа табысы 150 мың теңге болады. Және балабақшадағы тәрбиешілердің көмекшілеріне де 20 мың теңге қосылады. Өйткені, өзге өңірлермен салыстырғанда Елордадағы білім ошақтарында бала саны анағұрлым көп. Оның үстіне Астанада алдағы 5 жылда тағы 120 мың оқушы мектепке барады екен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді