jasqazaq.kz

Астанадағы оқу ордасы апатты жағдайда (видео)

27 тамыз 2018, 14:59

Астанадағы №8 орта мектеп апатты күйде тұрғандықтан, осы оқу ордасының оқушылары 1 қыркүйекте қайда барарларын әлі де білмейді.

Baq.kz  жазғандай, «Бұл ғимарат 1962 жылы пайдалануға берілген екен. Сонау 2000 жылдардың басында жөндеу жүргізіліп, қабырғалары қатайтылған. Алайда, ғимараттың қаусағаны соншалық, баспалдақпен көтеріліп-түскенде, қабырғаның дірілдеп тұрғанын байқайсыз. Бізде қоғамда адам өліп-қырылған соң ғана мәселе көтеріледі ғой. Біз сондай қайғылы жағдайға жеткізбей, осыны шешсек дейміз», -дегенді айтады ата-аналар өкілі Аяужан Бүркітбаева.
Айта кету керек, аталған мектеп 2017 жылы апатты жағдайда тұрған нысан болып танылған. Сол себепті, бұл білім ошағының оқушылары екі жылдан бері елордадағы №4, 16 және 56 мектептерге бөлініп оқып жүр. Ата-аналардың айтуынша, мұндай бөлініп оқу үлкен қолайсыздық тудырады. Өйткені, белгіленген мектеп тұрғылықты мекен-жайдан алыс болса, кейде тіпті түрлі іс-шаралар өткізетін кабинеттер мен зал да жетіспей жататын көрінеді.
«Қаланың қақ ортасында тұрған мектептің жайы осы. 1,5 мыңға жуық бала далада қаңғырып жүр. Жаңа оқу жылында қайда барарларын әлі білмейді. Ата-аналар, біздер, осыған алаңдаулымыз. Абай мен Сембинов көшелерінің қиылысында жаңа мектеп салынып жатқан көрінеді. Сол ғимаратты №8 мектепке берсе деген ниет пен үміт бар», — деп ата-аналардың өтінішін білдірді Аяужан Бүркітбаева.
Қалалық білім басқармасының мамандары бұл жайттан хабардан екендерін және мәселе шешіліп жатқанын мәлімдеді.
«Біз бұл жайында хабардармыз. Қазір білім басқармасының өкілдері аталған мектепке қарай бет алды. Барып, ата-аналармен сөйлесіп, жағдайды түсіндіреді. Тағы бір жыл басқа мектептерге бөлініп оқуға тура келіп тұр», — дейді директор міндетін атқарушы Ақмарал Құрманғалиқызы.
Ата-аналар да, ұстаздар да қалалық білім басқармасына өтініш айтып барғанымен, одан мардымды жауап ала алмаған. Былтырдан бері оқушылар маңайдағы 3 мектепке бөлініп оқыды. Биыл да сол мәселе қайта көтеріліп отыр. «Нұр-Отан» партиясына да хат жазған ата-аналар, ұстаздар қауымы оқушылардың өміріне алаңдаулы.

https://www.youtube.com/watch?v=RkQob6omzBg

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді