jasqazaq.kz

Астанадағы ҚазҒЗИ аумағында жарылыс болды

03 қантар 2019, 10:09

Сәрсенбі кешке ҚазҒЗИ аумағында өрт болды, оның салдарынан газы бар резервуар жарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақжол, 26 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар 101 номеріне сағат 19.44-те келіп түскен. Бес минуттан кейін өрт сөндіру қызметінің кезекшілері сол жерге жетті. «ҚазҒЗИ аумағында 40 шаршы метр болатын ағаштан жасалған шаруашылық ғимаратының өртеніп жатқаны анықталды, сонымен қатар, газдың шығуы салдарынан оны толтыруға арналған ыдыс жанған. Өртті сөндіру кезінде өртсөндірушілер 25 газ баллонын алып шықты», — деді Астана ТЖД өкілдері. Іnstagram желісіндегі vastane.kz паблигінде оқиғаның видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, көлемі бес текше болатын газ толтырғыш резервуар өртенген. Біраз уақыттан кейін жарылыстың дыбысы естілген. Құтқарушылардың мәліметінше, өрт сағат 21.30-да ауыздықталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге бес техника мен 31 адам жұмылдырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде