jasqazaq.kz

Астанадағы ірі СОО-лардың бірінде қыз бала қайтыс болды (Видео)

23 қараша 2021, 11:51

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Mega Silk Way» СОО-да қыз бала кенеттен есін жоғалтып, сол орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша марқұм аяқастынан есін жоғалтып, жатқан жерінде селкілдеп, артынша көгеріп кеткен. Кезекші дәрігер дереу жетіп, алғашқы көмек жасамақ болған, бірақ жедел жәрдем жеткенше қыз бала тіл тартпай кетті.

«22 қараша күні 103 пультіне «Mega Silk Way» СОО-ның жанында қыз баланың ес-түссіз жатқаны туралы хабарлама түсті. Жәдел жәрдем бригадасы жеткенде оның қайтыс болғаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша 1992 жылғы азаматша аяқастынан талып қалған. Медпункт мамандары жетіп, алғашқы көмек көрсеткенмен сәтсіз аяқталған. Марқұмның денесі полицияға берілді», — делінген қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде