jasqazaq.kz

Астанадағы бесінші ана өлімі: Жас анадан қауіпті диагноз табылған

04 қыркүйек 2018, 12:15

Астаналық дәрігерлер елордадағы бесінші ана өліміне қатысты түсініктеме берді.

1 қыркүйек күні 20:22-де №2 көпбейінді қалалық ауруханада ана өлімі тіркелген болатын. Бұл — жыл басынан бері Астанада қайтыс болған бесінші ана. «Қайтыс болған әйел қант диабетімен ауырған. Жүктіліктің алғашқы кезеңінен-ақ, №7 емханаға тіркеліп, қабылдауға тұрақты барған. Бірақ ол инсулиндік терапиядан бас тартқан және дәрігерлер қант деңгейін түсіретін таблеткалар жазып берген. Оның үстіне, әйелдің бойы 165 см бола тұра, салмағы 95 келіден асқан. Алдыңғы балаларын табиғи жолмен дүниеге әкелгендіктен, дәрігерлер оған кезекті рет өз күшімен босануға мүмкіндік берген», — деді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли Астана әкімдігінде өткен брифингте. Сонымен бірге, брифингте қайтыс болған әйелге қойылған алдын-ала диагноз хабарланды. «Бұл — аяқасты болған өлім. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылды. 2 қыркүйекте патологиялық сою жүргізілгенде, бұл диагноз расталды. Бірақ, бұл әлі де алдын ала болжам болып қала береді, апта соңында паталогоанатомдар гистологиялық зерттеуден кейін нақты диагнозды жариялайды», — деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. Әйелдің жүрек қызметі тоқтаған сәтте кесір тілігі арқылы баланы алу шешімі қабылданған. Әзірге шақалақтың жағдайы ауыр, бірақ дәрігерлер сәбидің оңалып кету мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді