jasqazaq.kz

Астанада жүзден аса паркомат сүріледі

04 наурыз 2021, 16:52

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаладағы біраз паркоматты сот арқылы заңсыз деп тануды талап етті. Шенділер «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-н келісімшарт талаптарын сақтамады деп айыптап, құжаттың күшін жойды. Нәтижесінде ауданаралық сот ұйымды 133 паркоматты алып тастауға міндеттеді. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады.

Сот шешіміне сай кәсіпкерлерде «жергілікті атқарушы орган бекіткен қаулысыз Нұржол бульварының аумағына кірмейтін жерлердегі тұрақ үшін ақы алу құқығы болмаған». Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, сондықтан бір ай ішінде кәсіпкерлер қайта шағымдана алады.

Өткен жылы күзде компания екі жыл ішінде 500 млн теңге айыппұл жинауға көмектескенін айтып мақтанған. Ал сот шешімі күшіне енген соң, заңсыз жазаланған жүргізушілер ақшасын қайтарып алса болады.

Сот істі қайта қарау үшін жүргізушілер Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне арыз жазып, мына құжаттарды өткізуі қажет:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-не қатысты шешімінің көшірмесі (Нұр-Сұлтан қалалық сотының сайтындағы сот кабинетінен аласыз);
арыз беруші қайта қаралуын талап ететін айыппұл салынғаны туралы қаулының көшірмесі.

Сот шағымданған азаматтың арызын қанағаттандырса, жүргізушіге айыппұлдан бөлек заңсыз жауапқа тартылуы нәтижесінде келген шығындардың бәрі өтелуі тиіс.

Айтпақшы, елорда әкімдігі кейбір тұрақтардың заңсыз жұмыс істегені туралы мәлімдеме жасағанда онда көлік қойғаны үшін ақы төлегендердің ақшасын қайтарып беретінін айтқан. Мұның қашан және қалай жүзеге асатыны әзірше белгісіз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия