
Астанада сабақтан кейін жоғалып кеткен бірінші сыныпта оқитын қыз бала аман-есен табылды.
Сабақтан соң ұшты-күйлі жоғалған бірінші сынып оқушысын бүкіл мектеп болып іздеген. Кейін белгілі болғандай ол жолай сыныптастарының үйінде аялдап қалыпты. Бұл туралы stan.kz сайты хабарлады.
Астанадағы Евразия ауданында орналасқан №30 мектептегі оқушы қыздың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерді кезіп кеткен болатын. Ол сабақтан кейін үйіне келмей қалған соң, қыздың туыстары алаңдаушылық танытып іздеу салған.