jasqazaq.kz

Астанада жерасты трамвай мерзімінен бұрын іске қосылуы мүмкін

18 қыркүйек 2018, 15:41

Астанада жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) 2020 жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жоспар бойынша негізгі жұмысты 2019 жылдың соңына қарай аяқтауымыз керек. Сынақты бастап, жылжымалы құрамды іске қосуымыз қажет. Бұл айтарлықтай қиын міндет, бүгінде біз процесті жеделдету үшін тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді ол үкімет кулуарында.

Сұлтанов әкімдік алдында 2020 жылы жолаушылар тасымалын бастау міндеті тұрғанын атап өтті.

«Біз 2020 жылы іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Алдымызда осындай міндет тұр, мен оны орындауға міндеттімін, әрине», — деді Сұлтанов.

Маусым айында өткен үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов жеңіл рельсті көлік 2021 жылы пайдалануға берілетінін мәлімдеген еді.

Жерасты жеңіл рельсті трамвай елорда әуежайы мен «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы арасында қатынайды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді