jasqazaq.kz

Астанада жеке кәсіпкер көліктерге жалған нөмір тағып, бизнес жасаған

06 желтоқсан 2022, 16:38

Астанада жеке кәсіпкер көліктерге жалған нөмір тағып, бизнес жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада кешкі уақытта патрульдік полицейлер жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері бар Daewoo Nexia автокөлігін басқарған жүргізушіні анықтады. Іс жүргізу барысында Алматы ауданының полицейлері ер адамның көлікті кәсіпкерден жалға алғанын анықтады. Белгілі болғаны, бір маркалы, түсі бірдей және нөмірлері бірдей екі көлік жалға берілген. Бизнесмен нөмірдің көшірмесін Telegram қосымшасында тапсырыс бергені және ол үшін 50 мың теңге төлегені белгілі болды. Аталған фактіге қатысты «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған бап бойынша жаза 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не шектеуге дейін көзделеді. Қазіргі уақытта «егіз көлік» тәркіленіп, коммуналдық тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде