jasqazaq.kz

Астанада жатақхана өртеніп, екі адам ауруханаға жеткізілді

16 желтоқсан 2022, 19:55

Астанада жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын жатақхана өртенді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«16 желтоқсан күні сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына барды. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі өртенген», — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Олар тілсіз жауды сағат 14:27-де өшіріп бітті.

Салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде