jasqazaq.kz

Астанада ұрылар 83 жастағы қарт адамды өлімші етіп ұрып кеткен (видео)

06 қыркүйек 2018, 11:27

Астанада тонаушылар 83 жастағы қарияны аяусыз ұрып кеткен. Олар үйге ұрланып кіріп, ешқандай бағалы зат таба алмапты деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Екі ұрлықшы Герман Задворныхтың үйіне 2 қыркүйек күні кірген. Тонайтын құнды зат таппаған олар кейуананы өлімші етіп ұрып, қашып кеткен. Жәбірленушіні туған інісі тауып алған екен.

«Үйге кірсем, ол қан-қан болып жатыр. киімі де қан. Ештеңеге қатысы жоқ адамды бұлай ұру-нағыз айуандық» , — дейді жәбірленушінің туған інісі Вениамин Задворных.
Герман Задворныхтың үш қабырғасы сынып, миына зақым келген. Одан бөлек, қарияның басқа да жарақаттары көп екен.

«Олар дұрыс емес істеді. Адамдардың қолынан мұндай іс келеді деу қиын», — дейді дәрігер Айдос Бердібеков.
Астана ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір 24 және 35 жастағы күдіктілер ұсталған екен.

«Олар өз кінәларын мойындады. Қазір іс қарақшылық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр», — деді мекеменің баспасөз қызметі.

Енді күдіктілер 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді