Астанадағы біртүрлі балабақша

08 тамыз 2016, 15:36

13873073_1158494597557060_212539289464767851_n

Кіреберіс есігімізге жапсырып кеткен мына жарнамадағы балабақшаның, несін жасырайық, әуелі бағасына қызықтық. Қызымызды бақшаға орналастыруды ойлап жүр едік. Бір жағы сипаттамасында тілі былдырлауға келіп қалған баланы баулуға керектінің бәрі жазылыпты. Локейшіні аздап күмән туғызғанына қарамастан, «Не болса да барып көрейік, бәлки, жаңадан ашылған соң бағасын әдейі арзандатып отырған шығар» деп тартып кеттік.
Несін айтасыз, есіктен кірместен ақ көзіміз атыздай болды. Сейфуллин көшесі жаққа қараған бетінде — құлпытас цехы. Бақилық болғандардың суреттерін күтіп бедірейіп гранит тастар тізіліп тұр. «Құдай сақтасын» деп жүзімізді бұрғанымыз сол еді, қақпасының дәл маңдайшасына «Баня на дровах» деп айқыртып тұрып жазған тағы бір жарнамасына көзіміз түсті. «Астапыралла» деп ауласына өттік. Қос қабатты үй тұр екен. Балабақшасы осы шығар дедік. Жоқ, сөйтсек ол пәтерге жіберетін жатақхана екен. Іштен бір келіншек шықты.
— Балабақша қайда сонда?
-Мына үйдің артында, түпкі жағында.
-Тәрбиешісі әлде тілдесетін біреу бар мА өзі? (күнсенбіеді)
-Иә, мен тәрбиеші…… Әлгі айтқан моншадан қолында шұбатылған тряпкасы бар, триконың балағын тізеге дейін түрген бір бойжеткен атып шыға келді. Тағы да тіксініп қалдық.
Балабақша дегеніміз ұзынша, бір қабатты сарай сияқты домбайлап салған бірдеңе екен. Іші күңгірт. Жаздың өзінде бойың тітіркенерліктей қоңыр салқын. Жөнді жабдығы да жоқ, әйтеуір аннан, мыннан жиған көди-сөдиді келістіріп қоя салған.
Бұл жерге бала беруге болмайтынын іштей ұғып тұрсақ та, сыр білдірмей тәрбиешісін тергедік.
-Педагогтық біліміңіз бар ма?
-Бар. Көкшетаудан бітіргем.
— Растайтын диплом әлде балабақшаның лицензиясын көрсете аласыз ба?
-Қазір көрсетуге дайын емеспіз. Келесі аптада келіңіз…….
«АААА» деп аңтарылған күйі ауладағы шашылып жатқан, шегесі жұлынбаған ағаштардың үстінен аттап-аттап сыртқа бет қойдық. Есіктің алдындағы арыққа төккен жуынды иісі қолқаны қауып, біздің балабақша туралы иллюзиямызды түбегейлі тас-талқан қылды, қысқасы.
Қызына ыңғайлы балабақша қарастырып жүрген Aziz досыма айтып едім. Өмірге позитив көзбен қарайтын Азекем: «Е,жақсы екен. Балаң балабақшадан шыққанша кір-қоңнан тазарып аласың. Нағыз өмірден түңіліп бара жатсаң, құлпытасқа тапсырыс бере саласың» дейді. :))))))
P.S Біреудің баласын бағу деген оңай емесқой. Жүз жерден құныққан, тиынтатын жалаған бизнесмен болсаң да, жауапкершілік болу керекқой. Астана қалалық білім басқармасы осы жекеменшік балабақшалардың жұмысын қаншалықты қадағалайды екен?

Әділбек Жапақ
Фейсбук

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды