jasqazaq.kz

Астанада төсін жалаңаштаған депутат соққыға жығылды

24 желтоқсан 2018, 11:49

Елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Динагүл Тасова желтоқсанның басында Fashion Night Astana сән көрсетілімінде ашық-шашық киіммен шыққаннан кейін соққыға жығылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik хабарлады.

«Мен туралы жаңалық шыққан соң, сынның астында қалдым. Әлдекім менің адамгершілік деңгейімнің төмендігін айтса, енді бірі ашық түрде қорлады. Менің Instagram-дағы аккаунтымды жаптыруға дейін барды, оның себебі – омырау», — деп жазды қыз.

Ол бұрын да ішкиіммен немесе сукиіммен көрсетілімдерге қатысқанын айтты.

«Мен модель ретінде жұмысымды жақсы атқарып жүрмін», — деді Динагүл.

Instagram-дағы жаңа парақшасында қыз тағы да ашық-шашық фотосын жариялады, онда денесі көгеріп тұрғаны байқалады. Модель жазбасында жақын санайтын адамы осылайша «қолдау» білдіргенін атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Бить или не бить? Вот в чем вопрос! После новости о показе, в котором я принимала участие на меня в буквальном смысле свалился шквал критики. Кто-то говорил о моем низком уровне нравственного развития, кто-то открыто издевался. Дошло до того, что мой аккаунт в Instagram (@dinagul.tassova) удалили и причина всему — грудь. Я как модель делаю свою работу и делаю её хорошо. Когда я вышла на сцену все аплодировали. После показа ко мне подходили женщины с теплым отзывами и фотографировались. Открою вам секрет — у меня и до этого и были показы в прозрачном белье и в купальниках. Я просто делаю свою работу на сцене! Так же как и каждый из вас! Можно ли за это ударить и унижать девушку? Нет. Никому. А теперь посмотрите на снимки в посте. На фотографиях результат «поддержки» как мне казалось «близкого» человека. Я хочу поблагодарить его — он заставил меня прочувствовать на себе серьезную проблему! Физические раны ничто, по сравнению с теми душевными ранами, которые он нанес. Я твердо решила для себя, что не должна об этом молчать! Никому нельзя поднимать руку на слабых, беззащитных и тех, кто не может себя защитить. Я узнала, что у нас в Казахстане утверждена Концепция семейной и гендерной политики до 2030 года. Согласно статистике, ежегодно в подразделения по защите женщин от насилия обращается больше 40 тысяч женщин и это только те, которые не побоялись написать заявление — вы считаете это нормально? Мы говорим о том, что мы хотим попасть в число самых развитых стран мира! Как? Если наши некоторые мужчины ведут себя как в средневековье? Каждая третья женщина, на протяжении жизни подвергается побоям, сексуальному принуждению или иным видам жестокого обращения! Вы хотели знать буду ли я заниматься общественной деятельностью? Да и буду делать это по-своему. Остановить бытовое насилие и жестокое обращение с женщинами и детьми — вот моя цель, мой вклад в общество! Спасибо всем вам за то, что дали понять, что по-настоящему важно! Это мой новый инстаграм профиль — @dinagul.tasova (https://instagram.com/dinagul.tasova?utm_source=ig_profile_share&igshid=185i2brtw08pu) #динагультасова #динагуль

Публикация от Dinagul Tasova (@dinagul.tasova)

«Мен оған ризашылығымды білдіремін – ол маған нағыз проблеманың не екенін ұғындырды! Жан жарасымен салыстырғанда тән жарасы ештеңе де емес. Мен бұл жайында үнсіз қалмаймын деп шештім!», — деп мәлімдеді Динагүл Тасова.

Жазбада қыз Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы статистиканы зерттегенін айтады – жыл сайын 40 мыңнан астам адам әйелдерді қорғау бөлімшелеріне жүгінетін көрінеді және бұл өтініш жазудан қорықпайтындары ғана.

Ол елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданғанын, биік мінберлерден Қазақстан әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіруге ұмтылатыны жайлы айтылып жатқанын атап өтті, дегенмен «біздің кейбір еркектер әлі күнге орта ғасырдағыдай әрекет ететін болса, бұл мүмкін бе?» деп сауал тастайды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты және әйелдер мен балаларды ұрып-соғуды тоқтату – менің мақсатым, менің қоғамға қосқан үлесім» — деп атап өтті Динагүл өзінің жаңа аккаунтында.

Динагүл Тасова «Fashion Night Astana» кешінде Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін киіп шыққан болатын. Желіде жарияланған суреттен көйлектің кеуде тұсында астары жоқ екенін байқауға болады, модельдің төсі толық көрініп тұр. Бұл Қазақстан халқының наразылығын тудырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде