jasqazaq.kz

Астанада терезеде ілініп тұрған балақайды құтқарған екінші жігітке де пәтер сыйға тартылды

12 мамыр 2022, 11:06

Кеше астанадағы көпқабатты пәтерлердің бірінің терезесіне ілініп қалған үш жасар балақайды құтқарып қалған екінші жігітке де пәтер сыйға тартылды. Бұл туралы белгілі блогер Дәулет Мұқай Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Керемет сезімде тұрмын. Gbg құрылыс компаниясы Сәбиттің досы Сағиға 2 бөлмелі пәтер сыйлайтын болды. Бағанадан бері уайымым Сағи болып еді. Сағат 00:18-де вацабыма компания басшысынан осындай хат келді. Әрине, бұл шешімді құптаймыз. Біз қуанамыз. Алла ұлық», — деп жазды Дәулет.

Бүлдіршінді құтқарған Сағи мен Сәбит құрылыс саласында жұмысын енді бастап жатқандар. Екі дос Қызылордадан Нұр-Сұлтанға бала-шағасын тастап, нәпақа табуға келген жандар. Келгендеріне көп болмаған (шамамен 2 апта).

«Сәбит пен Сағи жұмысқа бара жатып, 8-қабатта ілініп тұрған қызды көреді де, бірден сол үйге бет алады. Сол арада лифт те жоғарыда тұрады. Осылайша екі жігіт жаяу 8 қабатқа көтеріледі. Есік қаққанымен, үйде ересек адам болмаған. Сөйтіп, 8-ден 7-ге түскен, абырой болғанда сол үйдің есігі ашық тұр екен. Екеуі де кіріп кетіп, дереу баланы құтқаруға кіріседі. Бұл жағдайда Сағидің да ерлігі елеулі. Денелі жігіт Сәбитке тіреу болып тұрды. Сағидың қолында бір емес, 2 адамның тағдыры қыл үстінде тұрды десек те болады. Екі досты бөліп жармай, барлық медаль (марапат), баспана екеуіне де берілсе екен деймін. Сәбиттің 4 баласы, Сағидің 3 баласы бар», — деп жазған болатын Дәулет Мұқаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр