jasqazaq.kz

Астанада танысының 20 млн теңгесін алдап алған күдікті қолға түсті

20 қазан 2017, 10:26

Астана қаласы ІІД «Есіл» ауданы ІІБ тергеу бөлімі 27 жастағы Дәурен Пернебаевқа қатысты алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол танысының сенімін теріс пайдаланып, алдап, ақшалай қаржы беруін сұрап, оған процентпен қайтаруға уәде еткен. Осылайша ол алаяқтық жолмен қала тұрғынының 20 млн теңге көлемдегі қаржысын иемденген. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы «алаяқтық жасау» бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәурен Пернебаевтың алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтардың мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 79-05-61, ұялы тел. 8-708-110-79-37 немесе 102.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде