jasqazaq.kz

Астанада такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан

13 қазан 2022, 15:01

Астанада көлікті жалға алған такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астана қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу арналарын жойды.

Мәселен, Қапал көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатқаны үшін Lada Granta көлігінің 20 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Өзіне назар аудармау үшін такси көлігін арнайы жалға алған. Осылайша жас жігіт тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Ол арнайы жолақпен жүрген, бірақ жолаушы тасымалдаумен айналыспаған. Тінту барысында салонда жүргізуші орындығының астынан сатуға дайындалған, жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис тобы есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылды.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылында полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Brevis автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Автокөлік құралын тексеру кезінде көлік салонында және жүк салғыштағы төсеменің астында салмағы 190 грамм мефедрон бар полиэтилен пакеттері табылды.

Арнайы операция жүргізу кезінде полицейлер бір доза есірткі салынған пакеттердің 1000-нан астамын тәркіледі. Ұсталғандар кінәсін мойындады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша “Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер Полиция департаментінің УҰИ қамалды.

Елорда аумағында есірткіні жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа да адамдар анықталып жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр