jasqazaq.kz

Астанада тағы да бес бала тірідей жанып кете жаздады

08 ақпан 2019, 14:52

Оқиға кезінде балалардың ата-анасы жұмыста болған.   Астанада тағы да бес бала тірідей жанып кете жаздады. Көп балалы ана түнгі уақытта жұмыста болған, ал әкесі жұмыс іздеп кеткен.

Sputnik жазғандай, Ормановтар отбасы аядай үйде бес баласымен бірге он жыл бойы тұрады. Көпбалалы ана қаладағы мейрамханалардың бірінің асханасында жұмыс істейді. Ал күйеуі жұмыссыз.
Жер кепеден өрт шыққан кезде, балалар үйде жалғыз болыпты. Пештің қасында тұрған ағаш үстел оттың қызуынан тұтанып, жана бастаған. Үйдің іші қою қара түтінге толған, ал балалар мұны байқамаған.

Оқиға кешкі тоғыздар шамасында болған. Алыс жолдан келген әке бөлменің ішін қаулаған түтінді көріп, жанұшыра балаларды сыртқа шығарыпты. Бұл уақытта көпбалалы ана жұмыста болған. «Жұмыс істемеуге лажым жоқ, басымызда несие, күйеуім жұмыссыз жүр»,- деп мұңаяды Ақнұр Орманова.
Перзенттерін уақытында құтқарып қалған әкенің қуанышында шек жоқ. Алайда аз ақшаны қайда жеткізуді білмей, өмір сүруден әбден шаршадық.   «Екі қолға бір күрек» деген жұптың арманы мөлдіреген бүлдіршіндерді жеткізу. Сол үшін қолдарынан келгенше ақша тауып, балаларды аш қалдырмасақ, – дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде