jasqazaq.kz

Астанада тәжік азаматы көпірден секіріп кетпек болды (ФОТО)

27 сәуiр 2016, 19:48

Бүгін тәжік азаматы Астанадағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің аспалы арқалығына шығып, секіріп кетуге әрекеттенді, — деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Есіл арқылы өтетін көпірдің арқалығына мініп алған азамат ары-бері өткен көлік жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де назарына тез ілікті. Кеудесін жалаңаштап тастаған, жалаң аяқ. Қолында пышағы бар. Өзінің осы әрекетінің ешқандайда әзіл немесе жәй ғана қорқыту емесін білдіру үшін кеудесін тілгілеп тастаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне ешқандайда түсінік бермей, тек қана Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшісінің келуін талап етті.  Шамамен 1 сағатқа жуық уақытта көпірдің үстіне Тәжікстан елшісінің кеңесшісі Равшан Бобохонов келді. Кеңесшімен екеуарадағы әңгімеде көпірге шығып алған азаматтың 1980 жылы туған Абдуллах Рузиев деген Тәжікстанның азаматы екені мәлім болды.+

«Мен бейбітшілікті қалаймын. Мен осылай істемесем, мені ешкім естімейді. Осы қадамға баруға мәжбүр болдым. Маған қастандық істемек болды», — дейді Абдуллах Рузиев.

Алайда, А.Рузиев нақты кімдердің қастандық істемек болғанын айтпады. Өзіне қатысты нақты ақпаратты және өзінің талабын тек елшіге айтатынын мәлімдеді. Елшінің кеңесшісімен болған келіссөздерден кейін, А.Рузиев райынан қайтып, көпірдің арқалығынан түсті. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін А.Рузиевті Тәжікстанның елшілігіне алып кетті.

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды