jasqazaq.kz

Астанада полицейлерден қашқан жүргізуші ұсталды (Видео)

08 тамыз 2022, 20:00

Нұр-Сұлтан қаласында «Тойота Камри» көлігі полицейлерден қашып, жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін сағат 12.35-те «102» арнасына дүкен иесінен екі ер адамның алған тауарының құнын төлемегені туралы хабарлама келіп түсті.

«Бірнеше минуттан кейін осыған ұқсас хабарлама басқа дүкеннен келді. Белгісіз екі адам дүкенге кіріп, екі шөлмек сыра алып, төлем жасаудан бас тартып, «Тойота Камри» автокөлігімен қашып кеткен.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары бойынша автокөлік Қорғалжын тас жолында тіркелді. «Тойота Камри» жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полицейлердің заңды талаптарына бағынбады. Адам көп жүретін көшемен келе жатып, жүргізуші қарсы жолаққа бірнеше рет шығып, авариялық жағдай туғызған. Сол сияқты жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен», — делінген хабарламада.

Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қабылдаған шаралар арқылы 30 жастағы жүргізуші автокөлігімен бірге Шұбар шағын ауданда ұсталды. Сол сияқты көліктің салонында 33 жастағы тағы бір жолаушы болған.

Ол жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген. Автокөлік қазір коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция департаменті оларға қандай жаза тағайындалатыны қарастырылып жатқанын мәлім етті.

https://youtu.be/nlTotIT1sEI

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр