jasqazaq.kz

Астанада полицей формасын киген ер адам жезөкшені тонап кеткен

08 тамыз 2017, 11:41

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған ер адам жеңіл жүрісті әйелді тонап кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл маусымда ер адам интернет арқылы интим қызмет көрсететін әйелмен танысқан. Кездесуге келісіп, ер адам оның үйіне барады. Осыдан кейін ол үйдегі мүлікті тонау амалын ойластырған. «Тергеу әлі анықтамаған адамдармен біріккен ер адам түн ортасында әйелдің үйіне полиция ретінде келіп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кеткен», — дейді сот өкілдері. Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тарауының 1,2,3-тармақтары бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімі бойынша ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде