jasqazaq.kz

Астанада пара алды деген күдікпен 11 полицей ұсталды

30 қыркүйек 2017, 22:46

Астана прокуратурасы «кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз қазуға жол бермеу» шаралары аясында елордалық ІІД-нің жұмысын тексерді.

Прокуратураның бастамасымен Астана ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 11 полиция қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша тергеу амалдары басталған. Полиция қызметкерлерін Астана прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеп, қылмыстық істі сотқа жолдаған. Есіл аудандық №2 сотының үкімімен пара алып келгені үшін Астана ІІД жол-патруль полициясының 9 қызметкері және табиғатты қорғау полициясының 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабына («Пара алу») сәйкес сотталып, оларға алынған параның жетпіс есе сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде