jasqazaq.kz

Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

10 наурыз 2019, 15:45

 

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, 25 адам, соның ішінде төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін күндізгі 11:16-да Орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне Құбайдербіұлы көшесі, 31/1 үйден өрт тұтанғаны туралы хабар келген. Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінде жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар өртеніп жатқанын анықтайды.

Жалын 20 шаршы метр ауданды шарпыған.

Қою түтін адамдарға қауіп төндіргендіктен, құтқарушылар үй тұрғындарын эвакуациялауға шешім қабылдайды. Өрт сөндірушілер автобаспалдақ арқылы 25 адамды, соның ішінде 4 баланы құтқарып, 50 адамды, соның ішінде 12 баланы эвакуациялаған.

Өрт 11:33-те толықтай сөндірілді.

Қазір апат себептері тексеріліп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 25 қызметкері және 7 техника жұмылдырылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда