
Астанадағы №22 мектеп оқушыларын шұғыл түрде эвакуациялап жатыр.
nur.kz жазғандай, полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алған. Сондай-ақ олар Жирентаева және Петров көшелерін де жауып тастады.

Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары ғимараттан жарылғыш затты іздеп жатыр.
Мектеп жанында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері де жиналған. Ал полиция департаменті әзірге оқиға туралы пікір білдірген жоқ.