jasqazaq.kz

Астанада мұнай базасы өртенді (видео)

25 қантар 2018, 12:59

Астананың Автоматика ауылындағы мұнай базасының аумағында 500 шаршы метр жер өртенді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖ комитетінде растады.

«24 қаңтарда сағат 18.17-де Сарыарқа ауданының Автоматика тұрғын-үй алқабында орналасқан «Иноил ЛТД» ЖШС мұнай базасында өрт болды. Екі қабаттан тұратын әкімшілік-өндірістік ғимараттың үстіңгі қабатында өрт шығып, шатырына дейін шарпыды. 500 шаршы метр жер өртенді», — деп мәлімдеді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт сағат 22.12-де сөндірілді. Мұнай базасының қызметкерлері өрт кезінде өздері шығып үлгерген. Ешкім зардап шекпеді. Өртті сөндіруге 60 өрт сөндіруші мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды