jasqazaq.kz

Астанада мас жүргізуші аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті (Видео)

31 қазан 2022, 12:42

Астанада жүргізуші жылдамдықпен аялдаманы соғып, көлік тұрағына кіріп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде жүргізушінің күрт айналғаны, аялдамаға соғылып, көлік тұрағына кіріп басқа көліктерге зақым келтіргені түсірілген видео тарады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от _ (@krispi_almaty)

Елорда полицейлері 28 қазан сағат 03:30 шамасында Абылай хан даңғылымен Айнакөл көшесі бағытында Volkswagen жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлады. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Медициналық тексеріс барысында 31 жастағы ер адам масаң күйде көлікті басқарғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды», — деп хабарлады полицейлер.

Полиция жүргізушілерге көлікті мас күйінде жүргізбеуді ескертті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр