jasqazaq.kz

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

09 қазан 2018, 17:42

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев бұл мәліметті растады.

Сәдубаевтың айтуынша, Астанада 7 қазанда полиция қызметкері мас күйде жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. «Полицей оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол апатына кінәлі адам сол күні анықталып, ұсталды. Адам қағып кеткеннен кейінгі оның әрекеті және ішкі істер органында қызмет ететіні процесс мүшелеріне әсер етпеуі үшін сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды», — деді ІІД өкілі. Министрлік мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. «Сонымен қатар, ішкі тексеру тағайындалды, соның нәтижесінде полицейдің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады не жұмыстан босатылады», — деді ІІМ ресми өкілі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде