jasqazaq.kz

Астанада лифт жетінші қабаттан құлады

16 ақпан 2018, 12:27


Бүгін xалыққа есеп беру кездесуі кезінде «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметовке лифттің қалай құлағанын айтып берді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Күні кеше біздің үйімізде лифт құлады. Оның ішінде менің күйеуім және тағы төрт адам болды. Лифт жетінші қабаттан құлады. Алайда оны басқаша жеткізіп жатыр, лифттің тежегіші істеп кетті дейді. Олай емес, лифт кәдімгідей құлады», — дейді Екатерина Манатаева. Оның айтуынша, жұбайы сегізінші қабаттан лифтке кірген. Жетінші қабатта тағы екі жас жігіт мінді. Сол кезде бір нәрсе үзілгендей болды да, лифт төмен қарай құлдилады. «Лифттің қатты құлағаны сонша, ішінде болған бес адамның бәрі бастарын төбеге соғып алды. Абырой болғанда, лифт бірінші және екінші қабаттың арасында тоқтады. Күйеуім маған қоңырау шалып, ПИК директорының телефон нөмірін сұрады. Оған звондасақ, алмайды. Адамдар лифтте 50 минут отырды. Оларды сәл жоғары көтеріп, үстіңгі қабаттардан шығарды. Сосын лифт құламады, әшейін, қауіпсіздік жүйесі іске қосылды деп жұбата бастады. Қалай құламады? Бесеуі де бастарын төбеге соқса, лифт құламады деп айтуға бола ма?», — деп атап көрсетті Е.Манатаева. Әкім орынбасары Қосман Айтмұxаметов аталған мәселені жіті бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. «Иә, біз кешірім сұраймыз. Шынымен де, кеше ондай жағдай болды. Бірақ ешкім жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Қазір арнайы комиссия құрылды. Бір-екі күнде «Гранд Астананың» лифттерін тексеріп шығамыз. Алаңдамаңыз. Тиісті шаралады қолға алатын боламыз», — деді Қ.Айтмұxаметов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде