jasqazaq.kz

Астанада күйеуі бұрынғы әйелін көліктің капотында сүйреген (видео)

22 қазан 2020, 16:32

Нұр-Сұлтанда KIA Cerato жүргізушісі бұрынғы әйелін капотында сүйреген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Отбасылық драма түнде Гете көшесіндегі вокзал алаңында өрбіген. Ерлі-зайыпты автокөлік салонында әңгімелесіп отырып, сөзге келіп қалған. Әйелдің айтуынша, ол көліктен шыққан, бірақ салонда құжаттарын ұмытып кеткен. Ал күйеуі есікті ашпай, қозғала бастаған. Осы уақытта әйел автомобильдің капотына секіре жөнелген. Жүргізуші оған қарамастан жылдамдықты арттыра отырып, жүре берген.

Жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер автокөлік капотынан әйелді көріп, тәртіп бұзушыны тоқтатуға тырысқан, алайда ол жылдамдықты төмендетпестен жол бойындағы көліктерді басып озады. Нәтижесінде куәгерлер көліктің жолын жауып тастады. Полиция қызметкерлері де бейнебақылау камералары арқылы жүргізуші әрекетін байқап, оқиға болған жерге экипаж жіберді», — деп хабарлады полиция өкілдері.

https://youtu.be/M1USE0NBPww

«Полицейлер жүргізуші мен әйелді полиция басқармасына жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыпты мәселені өзара шешті. Әйел зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек бойынша KIA Cerato жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшылығы өз әрекеттерімен жолдағы қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектескен жанашыр жүргізушілерге алғысын білдіреді», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия