jasqazaq.kz

Астанада көмірді тұтыну 25 пайызға азайды

21 қараша 2022, 15:30

Соңғы кезде Астана ауасының айтарлықтай тазарып қалғанын анық байқауға болады. Бұл нәтижеге, әрине, қаланы газбен қамтамасыз етудің арқасында қол жетіп отыр.

Астана әкімдігінің осы салаға жауапты өкілдері: «Бүгінгі күні газға көшу есебінен көмірді тұтыну 25 пайызға төмендеді. Демек бұл биылғы жылыту маусымында көмір 113 мың тоннаға аз жағылатынын білдіреді. Жаңа үйлерді газға қосу есебінен жоғарыдағы көрсеткіш ай сайын өсіп отырмақ»,- дейді.

Олардың айтуынша, қазіргі таңда Сарыарқа және Алматы аудандарында үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Ол үшін қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. Осы екі ауданда үйлердің 65 пайызы газға көшті (Сарыарқа және Алматы аудандарында). Газға 7,5 мыңнан астам үй қосылған.

Бұдан бөлек, Байқоңыр және Есіл аудандарында да газ құбырын салу (2023 жылы кварталішілік желілер) жұмысы жүріп жатыр. Биыл аудандық «Тұран», «Телман» қазандықтарына және Ильинка (Үркер), Өндіріс, Телман, Пригородный, елді мекендерінде, сол сияқты «Family Village» және «Garden Village» шағын аудандарына газ жеткізу желісінің құрылысы басталды.
Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр, ал кварталішілік желілердің құрылысы 2023 жылы басталады.

Әлеуметтік нысандар да газға қосылуда. Кейбір елді мекендерде орталық жылу жүйесіне қосылмаған әлеуметтік нысандар бар. Олар көмір немесе дизель отыны арқылы жылытылады. Бұл бірнеше есе қымбатқа түседі. Қазір. 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстырылды. Осы нысандарда газға ауыстыру есебінен жалпы қаржы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асып отыр.

Астана әкімдігінің мәліметі бойынша, халықты газдандыру ісінде ынталандыру және көмек көрсету үшін бірқатар әлеуметтік шаралар қабылданған. Мәселен, үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартылып, халықтың мұқтаж санаттарына бөлінетін сома 2 еседен астам ұлғайтылған (430 мыңға дейін). Сондай-ақ тегін негізде газды есепке алу құрылғылары (есептегіштер) берілед. Банк арқылы бөліп төлеу және пайызсыз кредиттеу мүмкіндігі қарастырылған көрінеді.

Бір сөзбен айтқанда, газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, сонымен қатар жеке сектор тұрғындары үшін тұрмысқа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Абзал Ибрагим

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта