
Астанада көлік багажынан ер адамның мәйіті табылды, — деп хаюарлайды Tengrinews.kz Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таяуда «Астықжан» дүкенінің аумағында көлік багажынан ер адамның мәйіті табылды. Әлеуметтік желіде қолданушылар оқиға орнында түсірілген суретті жариялады. ІІД өкілдері, көлік багажынан табылған ер адманың 29 жастағы екенін айтты. «10 тамызда Ақжол көшесінің аялдамасында тұраққа қойылған автомобиль багажынан 29 жастағы ер адамның денесі табылды. Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ.т-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиялылығына байланысты қалған мәліметтер айтылмайды», — делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.