jasqazaq.kz

Астанада «Jastar Jalyny-2022» фестивалі мәреге жетті

19 қараша 2022, 14:19

Астанада «Jastar Jalyny-2022» атты шығармашылық жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Оған елордалық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастардың 14 командасы қатысты.
«Студенттер 10 номинация бойынша бақ сынасты. Олар өздерінің қабілеттерін би, вокал, поэзия, музыка, бейнелеу және театр өнерінде, сондай-ақ интеллектуалды викторинада көрсетті. Қатысушылардың өнерін өнер және мәдениет қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар бағалады»,- дейді осы шараны ұйымдастырушылар.

Фестивальдің салтанатты жабылуында қала әкімінің орынбасары Есет Байкен байқаудың ерекшелігі елорданың барлық жоғары оқу орындарының қатысуында екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Астананың университеттері мен колледждерінде 62 мыңнан астам студент оқиды, жыл сайын өзге қалалардан келетін талапкерлердің де арта түскені байқалады.
«Бүгінде Астананы елдің әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, кәсіпкерлер мен жастар қаласы деп те атауға болады. Жалпы, бұл фестиваль қазіргі уақытта шығармашылық әлеуетті іске асырудың, жастар арасында мәдени ортаны қалыптастырудың толыққанды алаңына айналды», — деді әкім орынбасары.

 

Байқау жеңімпаздарының бірі — Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, жас ақын Жантас Еркінұлы. Ол өз өлеңінде Отанға деген сүйіспеншілік туралы жырлап, қазақстандықтарды патриотизмге үндеді.
«Иман» ансамблінің мүшесі Карина Миняйло болса «Біз «Ұлттық би» номинациясына қатысып, шешен халқының биін дайындадық. Көпшіліктің есінде қалатын өнер көрсеткіміз келді. Менің ойымша, бұл байқау таланттарды ашуға көмектеседі. Әрине екінші орын алғанымызға қатты қуанып отырмын, — деді.

Абзал Ибрагим,
Астана

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта