Астанада гүл сататын дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасалды (Видео)

28 қыркүйек 2022, 11:53

Астанада гүл сататын дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасалды (Видео)

Астанада гүл сататын дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның “102” арнасына белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, кассадан ақша алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, сағат 23.40-та дүңгіршекке ер адам кіріп, ақшаны әкел деп сатушыға пышақ көрсеткен. Сонан соң үстелден кілттерді алып, есікті құлыптап, жарықты сөндірген. Осы уақытта әйел дабыл түймесін басып үлгереді. Ер адам оны иығынан пышақпен жарақаттап, 20 мыңнан астам теңгені алып, “ізін суытқан”. Күдіктіні ұстауға дереу полицияның жеке құрамы бағытталды. Белгілері бойынша қылмыскердің фотосы жасалды. Қылмыстың куәгерлерін анықтау үшін аулаларды аралау жүзеге асырылды. Полиция қызметкерлері қылмыс орнының периметрі бойынша орнатылған бейнекамералар арқылы қылмыскердің ізіне түсті. Жедел уәкілдердің қажырлы жұмысы сәтті аяқталып, күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Ол 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

29 қыркүйек, 16:02
Күрсінбейтін, күлімсірейтін кісі еді
29 қыркүйек, 15:57
Бір ел – бір мектеп
29 қыркүйек, 15:36
Ерлан Нысанбаев: Алматының экологиялық ахуалы жақсарады
29 қыркүйек, 15:33
Салық төлегісі келмей ме, әлде...
19 қыркүйек, 11:22
Болат Оспанов: Біздің мақсатымыз - ұлттар арасындағы татулықты сақтап, бірлігі мығым ұрпақ өсіру
18 қыркүйек, 13:32
Нағыз қазақ – домбыра!
15 қыркүйек, 16:26
Отандық өнімді салықпен қолдау
13 қыркүйек, 11:23
Нұрлан Қиқымов: Мақсатымыз - деструктивті идеологияның алдын алу
11 қыркүйек, 16:47
Күнгей бағыттың келешегі