
Астанада «Газель» автокөлігі тоннельдің төбесіне соқтығысып, қирап қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол-көлік оқиғасы туралы мәліметті Астана ІІД баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы «Астана Опера» театрының маңында болған. Видеода көліктің жүксалғыш бөлігі толығымен қирап қалғаны және соның салдарынан кептеліс болғаны түсірілген.
«Жол апаты 12:00-де болды. «Газель» маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тосқауылға соқтығысқан. Қазіргі уақытта полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр, жол апатының мән жайын анықтауда», — деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Совья Қылышбекова. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.