jasqazaq.kz

Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған

17 қантар 2019, 14:19

Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған. 

Бұл оқиға 15 қаңтарда болған. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады. Бригаданың аға фельдшері Ұлжан Зеренханова оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Оның айтуынша, 15 қаңтарда күндіз шақырту келген. Мас ер адам өз әйелін ұрып-соққан, дәрігерлер әйелді ауруханаға алып кетпекші болған. «Ол өз әйелін соққының астына алған. Біз келдік те әйелді алып кетпекші болдық. Ол ашулы әрі біздің әйелді алып кетіп, сәбиді тастап бара жатқанымыз оған ұнамады. Баламен бірге алып кете алмаймыз — болмайды. Ол басында бізге жұдырық ала жүгірді. Маған көмекші фельдшер қорған болып, құтқарып қалды. Біз шығайын деп жатқанымызда ол ас бөлмелік пышақты алып, менің әріптесімді жарақаттады», — деді фельдшер. Оның айтуынша, дереу полиция шақыртылған. Зардап шеккен фельдшер ауруханада жатыр. Оның басына зақым келген әрі басынан пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты», -деді бригаданың аға фельдшері Ұлжан Зеренханова. Фельдшердің жағдайды қазір жақсы.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді